Актриса, блогер Сабина Мовлаева «Мамский әңгіме» подкастында жеке өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұрынғы күйеуі ешқандай көмек көрсетпегенін жасырмады. Айтуынша, өзі бетін қайтарған соң, жолдасының көңілі қалған.
«Жарты жылдай «Қайта қосылайық» деп келіп жүрді. Бірақ менің қырсықтығым мен бірбеткейлігім бар еді. Біржола кеттім де, артыма қарамадым. Ол да қырсығып қалды. Егер әдемі қоштасқан болсақ, бәлкім, қызымен араласар ма еді?! Жақында өзім хабарластым. Қызыңды көрші деп айттым. Үш жылда еш көмектеспеді. Бірақ жамандағым келмейді, өте жақсы адам. Қызым әкесін іздейді. Қазір ара-қатынастары жақсы емес, бірақ 2-3 айда бір рет хабарласып тұрады», – деді актриса.
Сабина Мовлаева бұрынғы күйеуі қазір отбасы құрғанын айтты.
«Ажырасқаннан кейін ол жеті ай өтпей жатып қайта үйленіп кетті. Бұл жағдайдан кейін қиналдым. Екі құрбыммен сырластым. Психологтарға бармадым. Көбіне спортпен айналыстым, ішімдегіні шығардым. Басында қызым өскенше біреуге тұрмысқа шығып, соны әке деп айтқызамын деген ой болды. Бірақ бұл ойым қате екенін түсіндім. Күйеуге шығуға асықпау керек екен. Бұрынғы күйеуім менен 14 жас үлкен еді. Мен 21-де, ол 35-те болатын. Бұған дейін үйленіп, ажырасқан екен. Ол кезде балалығым басым болды. Қазір өзім жалғызбасты ана болсам да, ажырасқан ер адамға қарамаймын», – дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.