Балаларын терезеден лақтырған әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, – деп жазады Aikyn.kz
Жантүршігерлік оқиға 30 шілдеде Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болғаны белгілі. Келіншек 5-қабаттағы терезеден екі баланы лақтырып жіберіп, артынан өзі де секірген. Оқиға туралы жедел жәрдемге өтіп бара жатқан адам хабарлаған.
2024 жылы туған бала ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Қабылдау бөлмесінде оны қайта тірілтіп, жансақтау бөліміне жатқызған. Ал 2017 жылы туған екінші балада жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, жамбас сүйегінің сынуы тіркелген. Сондай-ақ ол бала ішкі жарақаттар алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал 34 жастағы балалардың анасы есін біледі, бірақ жағдайы ауыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, іс материалдары тергеу бөліміне берілді, – деп хабарлады Полиция департаменті.