in

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап банктің интернет-дүкені арқылы «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.