in

“Ең нақты бол­жан­ған апат”: Ғалымдар осыдан 30 жыл бұрын жойқын зілзаланың болатынын айтқан

Камчаткадағы зілзала – тосын апат емес, ғалымдар бұған 30 жылдан астам уақыт бойы дайындалып келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Айқын газеті жариялады. 

Ресей ғылым академиясының Жер физи­­касы институты директоры Сергей Тихоцкийдің айтуынша, аймақта күшті жер сілкінісі болатыны жайлы ұзақмер­зімді ғылыми болжам бұрыннан бар еді. Соның негізінде Камчаткада арнайы ин­женерлік бағдарламалар қолға алын­ып, сейсмикалық төзімділік бойынша инфрақұрылым қайта қаралған.

– Бұл соңғы 30 жылда ең нақты бол­жан­ған апат болды. Бізде аймақта міндет­ті түрде күшті дүмпу болады деген бол­жам ­негізінде ғимараттарды нығайту, жаңа құрылыс талаптарын өзгерту, тө­тенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар­ды пы­сық­тау шаралары жүрді, – деді Тихоцкий.

Ғалымдар Камчатканың геология­лық орналасуы, яғни Тынық мұхитының сейсмикалық белсенді «Отты шеңбері­нің» құрамында болуы өңірді үнемі ба­қы­­­лауда ұстауға мәжбүр ететінін айтады. Бұл аймақтағы тектоникалық тақталар шекарасы жиі қозғалыста болады, ал олардың соқтығысуы үлкен дүмпулерге алып келуі ықтимал.

Камчатка билігі мен Ресейдің Төтен­ше жағдайлар министрлігі соңғы жыл­дары сейсмологиялық бақылау жүйелерін жаңартып, халықты құлақтандыру және эвакуациялау механизмдерін жүйелеуге мән берген. Соның нәтижесінде, биылғы зілзала кезінде адам шығыны болмаған және тұрғындар арасында дүрбелең аз болған. 

Мамандардың айтуынша, алдағы уа­қытта климаттық өзгерістер мен теңіз деңгейінің көтерілуі сейсмикалық бел­деулерде орналасқан елдер үшін қауіп-қатерді арттыра түсуі мүмкін. 

Айта кетер болсақ, жақында Ресейдің Қиыр Шығысындағы Кам­чатка түбегінде соңғы онжылдықтағы ең жойқын жер сілкінісі тіркелді. 8,7 магни­ту­далы қуатты дүмпу 30 шақырым терең­дікте орын алған. Ресей ғылым академия­сының мәліметінше, бұл апатты соңғы 30 жыл бойы ғалымдар күткен әрі алдын ала болжанған зілзалалардың бірі болған.