in

“Сүйек­ 9-12 жастағы балаға тиесілі”: Ғасырлар бойы бұ­зылмай, сақталған зират табылды

Ал  Нұра ауданында Е.  Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің экспе­диция мүшелері шамамен мың жыл бұрын өмір сүрген баланың қабірін тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Табылған мұра жайында “Айқын” газетінде материал жарияланды.

Табылған зират – бұ­рын белгілі болған Изен­ді-6 бейітінің бір бөлігі. 

Онда ғалымдар мар­құмның сүйегін, жебе ұш­тарын, ат әбзелдері­нің бөлшектерін және был­ғары дорба тапты. Сүйектің жанынан сұрақ белгісі түріндегі сырға табылды. Мұндай сырға­лар XII-XIV ғасыр­ларда қыпшақтарға тән болатын.

Антрополог Айкүміс Раисова кешен­­­ді остеологиялық талдау жүргізіп, сүйек 9-12 жастағы балаға тиесілі екенін анық­тады. Сондай-ақ баланың тірі кезін­де сол жақ иық сүйегін сындырғаны анық­талды. Бірақ өлген сәтте сынық бітіп үлгерген.

– Мұндай жерлеулер сирек кездеседі. Орта ғасырдағы ескерткіштер Қарағанды облысының аумағында аз зерттелген, сондықтан осы кезең бойынша алынған жаңа нәтижелер өзекті және қызықты, – дейді  Сарыарқа архео­логиялық институтының директоры Алексей Кукушкин.

Радиокөміртекті талдаудың деректері­не сәйкес, көму ХІІ-ХІІІ ғасырларда бол­ған. Ғалымдар қосымша талдау жүргізіп, жерлеуді зерттеуді жалғастырмақшы.  Одан әрі ар­те­фактілер облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылмақ.