Александр Бублик – АТР 250 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Кицбюэль қаласында өткен турнирдің финалында Бублик француз Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, топ жарды.
Бұл – қазақстандық теннисші үшін бір апта ішіндегі екінші титул. Жексенбі күні ол Швейцарияның Гштаад қаласында да АТР 250 турнирін жеңіп алған болатын.
Бұл жеңісі үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай алып, дүйсенбі күні әлемдік рейтингте 25-орынға көтеріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз