in

«Заң алдында жауап бересіздер»: Меруерт Түсіпбаева еліміздегі телеарнаға ескерту жасады

Әнші Меруерт Түсіпбаева “Еуразия” бірінші арнасына ренішін білдіріп, ескерту жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі телеарна осыдан 17 жыл бұрынғы әзіл видеоны “Әншіні ұятқа қалды” деп жариялап жібергенін айтты. 

«Еуразия бірінші арнасы, 17 жыл уақыт өткен видеоны кеше жаңалық қылып беріпсіздер! Неге көрерменді алдайсыздар? Басқа мәселе жоқ па елде?! Бұл әлде тапсырыс па? Жауап күтемін! Бұл – телевизиялық жобаның түсірілімі. Түсірілім кезінде аппаратура, микрофон бәрі өшіп қалды. Соны бір жігіттер қалжың ретінде түсіріп алған еді. …Егер тапсырыс болса, заң алдында жауап бересіздер деп ойлаймын», – деді әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.