in

Келешекте жойылып кетуі мүмкін мамандықтар тізімі шықты

2030 жылға дейін елімізде сегіз мамандық толықтай жойылуы немесе бұл салаларда жұмыс күшінің күрт қысқаруы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ІМЭС университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті Люза Байгузина мәлімдеді.

Жойылуы ықтимал мамандықтар тізіміне мыналар кіреді:

Неліктен бұл мамандықтар жойылуы мүмкін?

Сарапшының айтуынша, алғашқы үш мамандық – колл-орталық операторы, кассир және қойма қызметкері – автоматтандыру мен жасанды интеллект сияқты технологиялардың дамуы нәтижесінде өзектілігін жоғалтады.

Бүгінде көптеген қызмет түрлері автоматты жүйелермен алмастырылып жатыр. Бұл үрдіс болашақта тек күшейе түседі, – деді Байгузина.