Halyk Bank Click ( Өзбекстан ) акционерлерімен стратегиялық келісім жасасқаны және Click -тің 49% акцияларын сатып алғаны туралы, сондай-ақ өзінің Өзбекстандағы еншілес банкі Tenge Bank АКБ-ның 49% акцияларын Click акционерлеріне сатты , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісім талаптарына сәйкес, Halyk Click-тің 49% акциялары үшін 176,4 млн АҚШ доллары мөлшерінде төлем жүргізеді. Өз кезегінде Click акционерлері Tenge Bank-тың 49% акциялары үшін 60,76 млн АҚШ долларын төлейді. Мәміле құрылымы тараптарға дербес заңды тұлғалар мәртебесін сақтай отырып, тығыз серіктестікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мәмілелерді аяқтау Қазақстан мен Өзбекстанда тиісті реттеушілік келісімдер алғаннан кейін жоспарланып отыр.
Мәміле туралы осы уағдаластық нарықтың бірін-бірі толықтыратын қызметтері мен клиенттік базалары бар екі көшбасшысының мықты жақтарын біріктіру жөніндегі стратегиялық маңызды қадам болып саналады.
Бір жағынан – Halyk активтері 37,5 млрд АҚШ долларын құрайтын, әртараптандырылған бизнес-моделі және бөлшек бизнеске, ШОБ пен корпоративтік бизнеске арналған банктік қызметтерді, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер, активтерді басқаруды және өмір салтына арналған қызметтерді (лайфстайл) қамтитын мықты цифрлық экожүйесі бар, нарықтық капиталдандыру деңгейі 6,8 млрд АҚШ долларын құрайтын және де үш жетекші рейтингтік агенттіктердің барлығы берген инвестициялық деңгейі (Moody’s – Baa1, Standard and Poor`s – BBB-, Fitch Ratings – BBB-) өңірдегі ең жоғары кредиттік рейтингтерге ие Орталық Азиядағы ең ірі қаржылық топ.
Екінші жағынан – Click клиенттер базасы 20 млн адамды құрайтын Өзбекстанның жетекші төлем ұйымы және де цифрлық шешімдер саласында мықты құзыреттіліктерге ие финтех-көшбасшысы. Click платформасы Өзбекстанның қолданыстағы банктік карталарын да, сондай-ақ жеке цифрлық әмияндарды (бүгінгі күні шамамен 10 млн) қолданып, төлемдер мен аударымдарды басқарудың ыңғайлы әдісін ұсынады. Суперқосымшаның (SuperApp) стратегиясын сәтті іске асыра отырып, Сlick жеке өзінің және серіктестердің қызметтердің кең ауқымын – дәстүрлі төлемдер мен сақтандырудан бастап жеткізуге, автоқызметтер және қайырымдылыққа дейін, сонымен қатар онлайн және офлайн сауда жасау, қарыздарды өтеу мен мемлекеттік қызметтердің ақысын төлеуге дейін біріктірді. Ондаған шағын қосымшалар (MiniApps) күн сайын тұтынушылардың көптеген сұраныстарын қанағаттандырады. Бұл ретте бизнес-серіктестері – компаниямен серіктес 70 мың сервис – өз өнімдерін қосымша шығынсыз ауқымды аудиторияға тарату мүмкіндігіне ие болады. Мұндай стратегия 2024 жылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді: компанияның кірісі 35,3%-ға, ал пайдасы 37,5%-ға өсті.
Halyk және Click тұрғындар мен бизнес үшін банктік, финтех және цифрлық экожүйе қызметтері саласында Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқан нарығындағы позицияларды кеңейту мақсатында күш біріктіреді. Бұл стратегиялық серіктестік ауқым, технологиялық талдама және инновацияларды біріктіріп, ірі және орта корпоративтік клиеттері, шағын және микробизнес, сонымен қатар бөлек бизнес клиенттері үшін үздік шешімдер мен қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Halyk-тың Өзбекстандағы инвестицияларының жиынтық көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрады және де бұл келісім – Halyk-тың осы елдегі инвестициялық стратегиясын жүзеге асырудағы айтарлықтай қадамы.
Қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында, Halyk тобының Қазақстанда және Өзбекстанда әрекет етуін ескере отырып, Банк 32,1 млн-нан астам адамды құрайтын клиенттер базасын қамтиды, осы арқылы халқының жалпы саны 58 млн және шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлердің жиынтық саны 2,6 млн компания болатын екі елде өз позицияларын кеңейте алады.
Halyk – 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) орналастырылған Қазақстан нарығындағы жария компания. Қазіргі жағдай бойынша шетелдік акционерлердің үлесі 28,3% құрайды, бұл – АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азиядағы ең ірі халықаралық инвестициялық қорлар.
Halyk пен Click-тің серіктестігі Өзбекстанның жеке компанияларының халықаралық капитал нарықтарында танылуын арттыруға және Орталық Азияның жаһандық инвестициялық тарихын құруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Click және Tenge Bank өз қызметін дербес заңды тұлғалар ретінде жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл ретте барлық клиенттерге бұрынғы талаптарға сәйкес қызмет көрсетілетін болады, ал компаниялардың барлық қолданыстағы шарттары мен міндеттемелері күшінде қалады және уақытылы әрі толық көлемде орындалатын болады.
Halyk Bank туралы
Halyk Bank – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында (KASE) 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында (LSE) 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында (AIX) 2019 жылдан бері листингі бар.
2025 жылғы 31 наурыз жағдайы бойынша, жиынтығында 18 855, 9 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы ең ірі кредитор болып саналады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 542 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.
Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады.
Click туралы
Click – мобильді төлемдер нарығында 20 миллионнан астам пайдаланушысы және 38%-дан астам үлесі бар Өзбекстанның жетекші финтех-компаниясы. 2024 жылы Click төлемдер мен сақтандырудан бастап жеткізу, автокөлік қызметтері мен қайырымдылыққа дейінгі қызметтердің кең ауқымын біріктіретін супераппқа айналды. 2024 жылы кіріс 35,3%-ға, пайда 37,5%-ға өсті. Click күніне 2 миллионнан астам транзакцияны өңдейді, №1 төлем ұйымының лицензиясына ие, PCI DSS 4.0 бойынша сертификатталған, Нumo және Uzcard бойынша онлайн төлемдердің көшінде тұр, ЖИ, «жасыл» энергетикалық шешімдерге инвестиция салады, сондай-ақ Yashil Мeros және Іnson Uchun бастамаларын қолдайды.
Click туралы толығырақ ақпаратты: https://www.click.uz сайтынан табуға болады.
Tenge Bank туралы
Tenge Bank – ірі және орта корпоративтік клиенттерге, шағын және микробизнеске, сондай-ақ бөлшек клиенттерге қазіргі заманғы банктік технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтердің кең спектрін көрсететін әмбебап банк. Қазіргі уақытта Tenge Bank – Halyk Bank-тің 100% еншілес банкі. 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, Tenge Bank-тің ХҚЕС бойынша жиынтық кредиттік портфелі 4,5 трлн сумнан асты, ал ХҚЕС бойынша активтердің жалпы көлемі 7,7 трлн сумнан асты.
2024 жылы Tenge Bank цифрлық онбординг пен кәсіпкерлерге цифрлық кредит беруді елде бірінші болып іске қосты.
Банктің Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігінен Өзбекстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде – Ba3 кредиттік рейтингі бар, болжам – Тұрақты.
2024 жылы Tenge Bank Global Finance нұсқасы бойынша Өзбекстанның үздік банкі болып танылды, сондай-ақ Global Banking & Finance Awards-тың «Өзбекстанның үздік корпоративтік банкі», «Жеке кәсіпкерлерге арналған ең инновациялық цифрлық кредиттік өнімдер» және International Finance-тің «Үздік шетелдік банк» марапаттарына ие болды.