Алматы облысында иттерге таланып, ауыр жарақат алған 10 жастағы баланың отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай жариялады.
Белгілі болғандай, баланың отбасы бұған дейін жалдамалы үйде тұрған. Asarume қайырымдылық қоры желідегі оқырмандарының қолдауымен баспана алып, Масимнің анасына табыстады. Көпбалалы ана қуаныштан көзіне жас алып, көпшілікке алғыс айтты.
«Сүйінші, ағайын! Иттерге таланып, ауруханаға түскен Максимнің отбасы үйлі болды! Асар-Үме қайырымдылық қоры жалғызбасты анаға үй сыйлады. Бүгінге дейін жалдамалы пәтерде күнелткен отбасы енді өздерінің жеке баспанасына көшіп жатыр. Максимнің анасы – Екатерина ханым, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Бір баласы – Максим иттердің шабуылынан аман қалып, ауыр жарақатпен ем алып жатыр. Қайғылы жағдайдан кейін Асар-Үме қорына хабарласып, отбасыға үй беру жөнінде өтініш білдірдім. Менің өтінішімді жерге қалдырмай, сынақта жүрген отбасыны қуантқаны үшін қорға алғыс айтамын. Ертең Максим ауруханадан шығып, жаңа үйіне келеді. Бұл жақсылыққа Жалпақсай ауылының еріктісі Айжан ханымның да үлесі зор. Сізге де алғысымыз шексіз! Қуанышты күндеріміз көп болсын, ағайын», – деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.