Әлемде 300 миллионнан астам адам үйсіз. Ал 1 миллиардтан аса адам трущобаларда тұрады. Тағы 2,8 миллиард адам үй деп айтуға келмейтін бейресми баспаналарда күнелтуге мәжбүр.
Ұйым сарапшылары бұл жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыспен байланыстырады. Найробиде өткен жиында Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның таза су мен санитарлық жағдайға қол жеткізе алмай отырғаны да атап өтілді.
Ал 2024 жылғы есеп бойынша Нигерия, Үндістан мен Мексика үйсіз адамдар саны бойынша көш бастап тұр. Нигерияда 25, Үндістанда 18, ал Мексикада 14 миллион тұрғынның баспанасы жоқ.
Сондай-ақ алғашқы ондыққа Бангладеш, Сирия, Филиппин, Уганда, Аргентина, Пәкістан, Судан кіреді. Саны 3 миллионнан төмен үйсіз адамы бар елдер қатарына Мысыр, Непал, АҚШ, Конго Демократиялық республикасы, Мьянма, Түркия, Сомали, Зимбабве, Қытай жатады. Бұл тізімде үйсіз адамдары мүлде жоқ 4 ел бар. Олар: Бутан, Иордания, Лихтенштейн және Ватикан. Әлемде үйсіз-күйсіз жүргендерді түгендеп болдым.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.