in

Мешіттен шығып жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері әлі табылмай жатыр

Мамбетов Асқар Әбдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлұлы көшесі, 18а мекенжайындағы орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлер кейін оны аялдамада көрген, ол Алматыға бағыт алған №54 автобусқа отырған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, көзі қара.

Киімі: қара түсті трико, қара футболка, қара сланцы және қара кепка.

Сондай-ақ  ер адамның бағыт-бағдардан адасатыны, психикалық ауруға шалдыққаны хабарланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.