in

Илон Маск балаларға арналған чат-бот әзірлеп жатыр

SpaceX компаниясының басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск xAI стартапы жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасауды жоспарлап отырғанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Tengrinews.kz-ке сілтем жасап.

“Біз xAI аясында Baby Grok жасап жатырмыз. Бұл балаларға арналған (қауіпсіз) контентті ұсынатын қосымша болады”, – деп жазды Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

SpaceX Масктың xAI стартапына 2 миллиард доллар инвестиция салмақ

Айта кетейік, Илон Маск биыл ақпанда Grok 3 нұсқасын “Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект” деп атаған болатын. Алайда шілдеде Grok чат-боты дауға қалды: танымал бот X желісінде қолданушылардың сұранысына жауап ретінде антисемиттік пікірлер айтып, Адольф Гитлерді мадақтап, өзін “меха-Гитлер” деп атаған. Қолданбаны әзірлеушілер бұл жазбаларды жедел өшіріп, мәтіндік жауаптарға шектеу қойды. xAI компаниясы мәселені шешіп жатқанын және сүзгіні күшейткенін мәлімдеді.

Бұл оқиға Масктың көптен күткен Grok 4 нұсқасын таныстыруына дайындық кезінде болған. Ол жаңа нұсқаның айтарлықтай жетілдірілетінін уәде еткен, бірақ нақты қандай өзгерістер болатынын әлі ашып айтқан жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.