Ақтауда белгісіз себептермен шатырға жалаңаш шыққан ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 5-шағынаудандағы №22 үйде болды. Видео кадрларында полицейлер келіп, кранмен ер адамды құтқармақ болғанымен, үлгермеді. Ол басқа бағытта өзін тастап жіберген.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (“Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу”) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.