in

Ұлттық архив қорында қанша іс сақталған?

Биыл Ұлттық архив қоры 300 мың сақтау бірлігіне көбейіп, қазіргі таңда 27,9 миллион бірлік сақталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2025 жылы архив қорларына 74 мың іс қосылды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев архив құжаттарын цифрландырудың, Ұлттық цифрлық архив құрудың және оны отандық әрі шетелдік нейрожелі әзірлеушілеріне ашық қолжетімді етудің маңызын атап өтті. Бүгінгі таңда 2 624 404 сақтау бірлігі цифрланды, соның ішінде 123 мыңнан астамы жеделдетілген тәртіппен осы жылы сандық форматқа көшірілді.

Тарихи құжаттарды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа табыстау — ең маңызды әрі жауапты міндеттердің бірі.

Құжаттардың тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың кәсіби өңделуі, консервациясы мен реставрациясы арнайы процестер арқылы жүзеге асады. Осы бағытта мамандар 10 мың сақтау бірлігіне тиесілі 150 мың бетті қалпына келтірді.

Бұған қоса, жыл өткен сайын пайдаланушылардың архив құжаттарына деген қызығушылығы артып келеді. 2024 жылы еліміздегі архивтер 2,2 миллионнан астам сақтау бірлігін пайдалануға ұсынса, биылдың өзінде 600 мыңнан астам сұраныс түскен.