in

«Өнерде ізімді қалдыру – арманым»: Әнші Қарақат Әбілдина кітап шығарды

Әнші Қарақат Әбілдина кітабы жарық көргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі кітабының мазмұнына тоқталып, көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар бұл жас өнерпаздар мен ұстаздарға арналғанын атап өтті.

«Қарақат салған қанатты ән» атты кітабім жарық көрді, жақсы адамдар!  Бұл кітап – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған ең алғашқы кітап. Бұл жинаққа репертуарымдағы көне аспаппен орындаған 32 әннің мәтіні, нотасы, QR код аудиосы енді. Бұл еңбек жетігенде ойнап үйренемін деген жас өнерпаздар мен ұстаздарға бағалы көмек болары сөзсіз. Бұл тек менің шығармашылығым емес, қазақ руханиятына қосқан бір тамшы үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді, өз ізімді қалдыру менің арманым еді. Осы туынды – көп армандарымның бірі, соның орындалған сәті…. “, – деді әнші.

Өнер иесі  кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері мен өнер өкілдері, соның ішінде ұлттық өнер жанашырлары қатысқанын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.