in

Балуан қыздар жарады

Жарыстың кезекті күні қыздар арасындағы бәсекелер болды. 15 жасқа дейінгілер бәсекесінде 10 қызымыз аттанған болатын. Араларынан 58 келіде Арина Қуанышова күміс жүлдегер атанды. Ал 42 келідегі Раян Жамсапқызы және 66 келідегі Әсемай Бурахан қолаға қол созды. Қазақстан құрамасының қалған өкілдері бүгін бозкілемге шығып, қоржындағы жүлделер санын арттыруға тырысады. Бішкек қаласындағы Азия чемпионаты 9 шілдеге дейін жалғасады.