Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен ірі турнирдің финалында жеңіске жетті.
Спортшы жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге өнер көрсетіп, чемпион атанды.
Шешуші матчта Данилина мен Боузкова Тайбэй өкілі Сэ Шувэй мен аустралиялық Майя Джойнтты жеңді.
Финалдық кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.