in

«Абыройы үшін үнсіз келдім»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тараған қауесеттің рас екенін айтты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова күйеуі жайлы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айгүл Иманбаеваның тойында журналист Анна Данченко Мөлдір Мұқановадан отбасындағы жағдайға қатысты сұхбат алған. Мөлдір Мұқанова күйеуі туралы әңгіме тарағанын растады.

“Қазір халықтан жасыратын дүние қалмады. Шыны керек, отбасымызда болып жатқан жайтты жігітімнің абыройы үшін жасырып, сабыр сақтап келіп едік. Бірақ бәрібір ел арасына тарап кетті”, – деді ол.

Сұхбат кезінде оның жанында тұрған әнші Нұрлан Еспанов қолдау білдірді. Сонымен қатар көпшіліктен көңіліне тиетін сөз жазбауды өтінді.

“Мөлдірге ауыр сөздер жазбаңыздаршы. Қыз бала болған соң, күйініп кетуі мүмкін. Өнерге қадам басып келе жатыр. Қолдау білдірейік”, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.