Түркияда жасалған Bayraktar Akıncı ұшқышсыз ұшағы алғаш рет KEMANKEŞ-1 зымыранын қолданып, әуе нысандарын сәтті жойды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
TRThaber мәліметінше, Baykar компаниясы шығарған бұл зымыран жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Ол 200 шақырымнан астам қашықтықтағы нысаналарды күндіз де, түнде де дәл көздей алады.
Сынақ кезінде ұшақтан екі зымыран ұшырылып, әуеге арнайы жеткізілген нысандарға дөп тиген.
Бұл Түркияның қорғаныс технологияларындағы маңызды жетістігі ретінде бағаланып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз