«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде отбасы мәселесін қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әйелдер қауымына күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, әлеуметтік желіге салмауға шақырды. Сонымен қатар ер адамдарға да өтініш айтты.
“Жігіттер, өтініш… Әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңізді жарияға жар салмаңыздаршы. Қаншама отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп, «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелде қыдыртып жүр. Бізге гүл де жоқ, шетел де жоқ» деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасы деген құпия болуы керек қой!” – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.