Турнирге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкенттен үздік 140 ойыншы қатысып жатыр.
Бәрі – өз өңірлерінде іріктеуден топ жарғандар. Жартылай финал швейцарлық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
Бүгінгі ойынның қорытындысы бойынша ала тақта шеберлерінің арасынан 38 жеңімпаз финалға жолдама алады. Олар 29 тамызда Астанадағы финалдық сайыста оңтүстік өңірдің намысын қорғайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.