in

Астанада бокстан әлем кубогы өтеді

Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогі өтеді.

Қазіргі уақытта елордада отандық спортшылармен бірге АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзербайжан, Аустралия, Словакия, Норвегия және Германия боксшылары бірлескен жаттығу өткізіп жатыр. Халықаралық жиынға жалпы саны 100-ден астам боксшы қатысуда.

Қазақстан құрамасының нақты құрамы осы жиын қорытындысы бойынша анықталады.

Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Ашылу салтанаты 30 маусым күні сағат 13:00-де, ал финалдық жекпе-жектер 6 шілде күні сағат 14:00-де басталады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бокстан Әлем кубогі қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.