in

Ресей, Қытай және Пәкістан БҰҰ-да АҚШ-тың Иранға шабуылын айыптайтын қарар ұсынды

Ресей, Қытай және Пәкістан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған әуе соққысын қатаң айыптайтын қарар жобасын таратты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл туралы РИА Новости БҰҰ-дағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қарар жобасында МАГАТЭ бақылауындағы ирандық ядролық нысандарға жасалған шабуылдар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді деп бағаланып отыр. Құжатта барлық тараптарды біржақты тәртіпте атысты тоқтатуға және бейбіт тұрғындарды халықаралық құқық нормаларына сәйкес қорғауға шақыру қамтылған.

Сонымен қатар Мәскеу, Бейжің және Исламабад қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді ұсынып, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына халықаралық кепілдік беруді және соған байланысты көпжақты әрі біржақты санкцияларды алып тастауды ұсынады.

РИА Новости дереккөзіне сәйкес, қарар жобасы жексенбі күні өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дауысқа салынбайды, бірақ АҚШ-тың шабуылына байланысты мәселе күн тәртібінде талқыланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз