Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тыңдарманы жіберген хатты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Хатта тыңдарманы әншіден бірнеше рет жағымсыз пікір жазғаны үшін кешірім сұраған.
«Хат келді. “Мөлдір ханым, сізді “байдан-байға тиіп, бала туып, түсінбеймін осыны” – деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. “Өмір – бумеранг” дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!” – деп жазыпты бір ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін! Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.