Әнші Мейрамбек Бесбаев қандай кітаптарды сүйіп оқитынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші он кітаптың тізімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ассалаумағалейкум, ағайын! Жақында еліміздің үздік 100 әдеби кітабын анықтауға арналған сауалнама басталыпты. Эстафетаны қабылдай отырып, өзімнің сүйікті кітаптарымды мен де бөлісейін:
1. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері
2. Мұхтар Әуезов – Абай жолы
3. Әбіш Кекілбаев – Үркер
4. Мұхтар Мағауин – Көкбалақ
5. Шерхан Мұртаза – Ай мен Айша
6. Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы
7. Ұлықбек Есдәулет өлеңдер жинағы
8. Есенқұл Жақыпбек өлеңдер жинағы
9. Серік Томанов өлеңдер жинағы
10. Ақберен Елгезек – Болмаған балалық шақ», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.