Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да жұрт назарына ілікті, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса әлеуметтік желіде қызы Сезімнің мектеп бітіру кешінде барған суретін жариялады. Желі қолданушылары 37 жастағы актрисаның мінсіз мүсініне таңданысын жасырмаған, тіпті кейбірі жүктілігіне күмәнмен қараған.
«Баласын суррогат ана көтеріп жүрген сияқты. Сосын өзі босанғандай бола салады немесе ЭКО. Бұл енді кинодағыдай менің сюжетім», «Расымен өзі көтеріп жүр ме?» – деп жазды желі қолданушылары.
Жұлдыз Әбдікәрімова бұл пікірге әзілмен жауап берді.
«Қиялдарыңызда шек жоқ қой. Негізі менің оқырмандарымның басым бөлігі сценарист», – дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.