in

800 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттері азаматтарға тауарлар, қызметтер мен жылжымайтын мүлік сатып алу барысында құқықтық көмек көрсетіп, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, қолдау көрсетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Осы аралықта тұтынушылардың шағымдары бойынша жалпы сомасы 881,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Шағымдар көбінесе сапасыз тауарлар (автокөліктер, косметика, ұялы телефондар), орындалмаған қызметтер (шипажай жолдамалары, қоғамдық тамақтану, фитнес, туризм), сондай-ақ рәсімделмеген немесе уақытылы берілмеген жылжымайтын мүлікке қатысты болды.

Азаматтарға нақты көмек көрсетілген мысалдар:

Бұл деректер – жай статистика емес. Әрбір өтініштің артында нақты тағдыр, үміт пен әділеттілікке деген сенім жатыр. Қазақстандықтар өз құқықтарын қорғауда белсенділік танытып келеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұран емес, нақты әрекет болып келеді елімізде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.