in

Контрафактілік жөргектер анықталды

«Мама знает» компаниясының өтініші негізінде Абай облысының Әділет департаменті «А» жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 3 519 000 теңгеге бағаланған 782 қаптама контрафактілік өнім анықталды. Тәркіленген өнімнің сапасы күмәнді және оның шығу тегі ресми құжаттармен расталмағандықтан, бұл құқық иесінің айрықша құқықтарының бұзылғанын көрсетті.

2025 жылдың 26 мамырында сот әкімшілік жауапкершілікке тарту және құқық бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 117 960 (жүз он жеті мың тоғыз жүз алпыс) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Әділет органдары тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді өткізу жағдайларын анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.