Өңірлік Полиция департаментінің ақпаратынша, «Астана-Павлодар» автожолында үш автокөлік соқтығысқан.
«Автобанның 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.
Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.
Бұған дейін Павлодар-Астана бағытындағы ақылы автобан қатты ыстықтан бүлінгені туралы жазғанбыз.
Жол-көлік апаты сол жерге жақын маңда болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.