Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, 14 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады.
Ол ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуінде өнер көрсетті. Егер бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.
Алайда Ғ. Қырғызбаев екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапониялық Хифуми Абэден айласын асыра алмады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жүлде бар. Бір күн бұрын 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз