«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 2025 жылғы 13-15 маусым аралығындағы Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел бойынша негізгі қауіптер: найзағай, дауыл, бұршақ; қатты ыстық (38°C-қа дейін); жел екпіні 15-20 м/с дейін; кей аймақтарда тұман (әсіресе түнде және таңертең). Сонымен қатар өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қауп күтіледі, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
ТЖМ кеңесі:
қатты ыстық пен жел кезінде орманға немесе далаға барудан аулақ болыңыз;
найзағай кезінде ағаш астында тұрмаңыз, көшеде электроқұрылғыларды пайдаланбаңыз;
от жақпаңыз, жанғыш заттарды күн астында қалдырмаңыз;
ауа райы нашарлағанда — үйде болғаныңыз абзал.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.