Танымал кәсіпкер Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында «артық кеттім» деп жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол өткен аптада Президент туралы жариялаған посттары үшін өкінетінін жеткізді.
Трамп әзірге Илон Масктың мәлімдемесіне жауап берген жоқ.
Еске сала кетейік, Ақ үй басшысы мен атақты миллиардердің арасында кикілжің туған болатын. Тіпті, Дональд Трамп Илон Маскпен қарым-қатынасын үзетінін де мәлімдеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.