“Қазгидромет” мәліметінше, маусым айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында норма шамасында болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту күтілуде, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді: ресми дереккөздерді қадағалаңыз; аса қажетсіз көшеге шықпаңыз; алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тартыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.