Сәкен Майғазиев ұзату тойда тілек айтқан жұбайының сөзін әлеуметтік желіде жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
“Құдағи” деген қадірлі атқа ие болған Динара Асылханқызының (жүрегімнің ішіндегі жүрегім) тілеген (жылап қалмай) тыңдаңыздар. Әумин дей отырыңыз”, – деді Сәкен Майғазиев.
Әншінің жұбайы сұлу, биязы, инабатты, иманды қыз тәрбиелегені үшін құдаларына алғыс айтты және келінін жақсы көретінін жеткізді. Сонымен бірге келініне әжесінің сыйлығын табыстады.
Желі қолданушылары әншінің жұбайына қолдау білдіріп, жастарға бақыт тіледі.
«Құтты болсын! Жастар бақытты болсын! Керемет көрегенділік, тамаша өнеге», «Құтты келін болсын. Динара ханымға қатты ұқсайды», «Толқып тұрса да, керемет тілек айтт», «Тамаша сыйлық, әжесінің көзі. Әженің жолын берсін! Жапырақтары жайылсын!» – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.