Ішкі істер министрлігі Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрланғанын анықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Бұл туралы Polisia.kz жариялады.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері Qarmet компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.
«Олар 1 миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған», – деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.
Қазір қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.