in

Сенсация: отандасымыз әлемнің үздік ондығына кірген теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев сайыстың 1/8 финалына жолдама алды. 

Евсеев бұл кезеңге шығу үшін әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген испаниялық Пабло Карреньо Бустамен кездесіп, сенсациялық жеңіске жетті.

Матч екі сетке созылып, Евсеев екеуінде де 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Енді 1/8 финалда қазақстандық теннисші Перу өкілі Игнасио Бусемен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз