Іс Қылмыстық кодекстің “Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу” бабы бойынша қозғалды. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаладағы Абай даңғылында 36 жастағы ер адам қайтыс болған. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды.
– Хабарлама сағат 18:34-те түсті. Оқиға орнына келген кезде 4-5 қабаттардың өртенгені, 4-қабаттың едені опырылып, үшінші қабатқа түскені анықталды. Өртке 16 техника, 52 адам жұмылдырылды. 73 адам эвакуацияланып, бір адамды бесінші қабаттан құтқардық, – деді облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқанов.
Айта кетейік, Ақтөбеде пәтерде әлдене жарылып, бір адам оқиға орнында қаза тапты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.