Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде күйеуі Райм алып берген сыйлықтарды көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі кейінгі кезде әшекей бұйымдарға қызығып жүргенін айтты.
“Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Бриллианттардың ортасына алып келді. Түрлі түсті тастары бар жүзікке қызығып жүр едім. Көздің жауын алатын тастар екен. Өзіме изумруд тасы бар жүзік ұнап тұр. 14 карат екен. Күйеуім бір сақинамен тоқтамады. Алла бұйыртса, аман-есен босанып алайын, сосын аяғым ауыр кезде алған барлық сыйлыққа анпакинг жасаймын. Қыздар, бар жақсылыққа лайықпыз. Осыны ұмытпаймыз», – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.