in

11 мың отбасы мемлекеттік тұрғын үйді жалға алады

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, әкімдіктер мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін төлеуге сертификаттар да береді.

«2025 жылдың бірінші тоқсанында әкімдіктер жалпы сомасы 580 млн теңге болатын 522 сертификат берді», – деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 7%, азаматтардың қалған санаттары үшін – 9%  мөлшерлемемен «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылған7

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.