in

Астанаға LRT-ның алғашқы вагондары жөнелтілді

Таншань қаласындағы зауытта жоба аясында барлығы 19 бірлік жылжымалы құрам өндіріледі. Заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін, автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі вагондардың әрқайсысы 650 жолаушыға арналған.

Өндіріс 1881 жылы құрылған Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі көне кәсіпорындарының бірі – CRRC Tangshan зауытында жүзеге асырылады.

City Transportation Systems ЖШС ақпаратынша, Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу маусым айына жоспарланған. Қалған 17 құрам осы жыл соңына дейін жеткізіледі.

«Желіні сынақтан өткізуді бастау қыркүйек айына жоспарланып отыр. Қазір Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.