Қазақстанның барлық өңірлерінде аптақ ыстық қолайсыздық туғызып, кей жағдайда сақтық шараларын сақтамаса адам өміріне, денсаулығына қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі қатты ыстықта сақтық шараларын еске салады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қатты ыстықта сақтық шаралары:
– әсіресе ең ыстық сағаттарда сыртта болуды шектеу;
– қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болу;
– су ішу режимін сақтау, тәтті және алкогольдік сусындардан аулақ болу;
– тек жабдықталған жағажайларда шомылу;
– балаларды судың жанында қараусыз қалдырмау, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.