Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, сапар аясында Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде жұмыс кездесуі өтеді. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдері де бар. Ресми кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысады.
Тараптар бірнеше сессия аясында спорттағы адалдық пен сәйкестік, олимпиадалық қозғалысты дамыту, Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сияқты маңызды мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ спорттағы қауіпсіздік мәселелері көтеріліп, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.