in

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 2 мамырдағы ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздегі синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжамын жариялады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктер дің болжамы бойынша, 2 мамыр, ж ұма күні елдің басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында ауа райы құрғақ болады .

Республика бойынша жел күшейеді, батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанайдың шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус аяз болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ұлытау облысында, сондай-ақ Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 1-2 градус аяз болады.

Ж оғары өрт қаупі:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.