in

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордтық деңгейге жетті

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, 1 миллионнан асты.

Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам. Ал  елорданың қоғамдық көлігіндегі бір тәуліктегі жолаушылар легі – 1 005 329 сапар.

Тұрғындарды қоғамдық көлікке тарту мақсатында 700-ден астам жаңа автобус жеткізілген.   Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды.   5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1 210 автобус шығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.