in

Нұрлан Сапарбай халықаралық жарыстың чемпионы атанды

Хабаровскіде өтіп жатқан турнирде Нұрлан Сапарбай чемпион атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Ресейде өтіп жатқан Коротков турнирінің финалында (92+ кг) жергілікті Орудж Мамедовті 5:0 есебімен жеңді. 

Еске сала кетсек, осыған дейін боксшы Сәкен Бибосынов чемпион, ал Сағындық Тоғамбай күміс жүлдегер атанған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз