in

Астанада Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 19 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап 21 сәуір күні сағат 07:00-ге дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс ішінара жабылады.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз