Павел Стрехо бүгінде Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері. Соғыстағы ерлігі үшін Даңқ ордені ІІІ дәрежелі, Отан соғысының І дәрежелі ордені, “Ерлігі үшін”, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін” орден-медальдармен марапатталған.
Павел Стрехо Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Рождественское ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Павел 4-сынып бітіргеннен кейін “Шығыс Бостандығы” колхозында жұмыс істей бастайды.
Ал 1943 жылы әскерге шақырылады. Сөйтіп Аягөз қаласына кіші командирлер мектебіне оқуға жіберілді. Алайда оқуды бітірмей жатып, мектепті жабылып, оларды майданға жібереді. Павел Беларусь майданына автоматшы болып барады. Кенигсбергте жеңісті қарсы алып, сол жақтағы ұрыс аланында жараланып, еліне оралады.
Ауылында ол мал шаруашылығы кешеніне электрик болып жұмысқа тұрады. Үйленіп, жұбайы екеуі бес баланы өсіріп жеткізеді. Кейін, 1988 жылы Павел Стрехо Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Веселовка ауылына қоныс аударып, әлі күнге дейін сол жақта тұрады.