in

Бокстан “Жібек жолы” халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды

10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін “Жібек жолы” халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бапкерлер штабы тізімге төмендегі спортшыларды қосты:

– 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова

– 50 келі: Элянур Тұрғанова

– 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова

– 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар

– 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова

– 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина

81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.