in

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды Ақордада қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, –  деп хабарлайды  Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды, –  делінген ресми хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.